Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

Студенттік Парламенті жастар ұйымы

Студенттік парламенттің мақсаты:   Студент жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында тиісті жұмыстарды жүзеге асыру. 
Міндеттері: Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 
Жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету; 
Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру болып табылады;
  ·        Ерекше әлуметтік-демографиялық топ ретінде жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін тану;
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; ·
 Жастардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру;
Жастардың проблемаларын шешудегі жүйелілік пен кешенділік; 
 Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға жастардың тікелей қатысуы;
  Студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметіне әрекеттесу; 
Өзге оқу орындарының студенттерімен және жастар ұйымдарымен ортақ студенттік қоғам құру; 
Студент жастардың қоғамдық жұмыстараға белсене араласуына әрекет ету;
Талантты жастарға қолдау көрсету;
  Колледждегі тәрбиелік шараларды өткізуге белсенді ат салысу;

Ақпарат: Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің тәрбие бөліміне қарасты «Студенттік парламент» жастар ұйымы 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ТжКБ ұйымдары жанындағы студенттік парламент тұжырымдасамы негізінде құрылған жастар ұйымы. Алғашы президенттік сайлау ашық түрде әлеуметтік желі арқылы дауыс беру нәтежесінде өткізіліп, президент сайланды. «Студенттік парламент» ұйымы тәрбие бөлімінің 8 бағыты бойынша және тәрбиенің қосымша компонентері, қайрымдылық, дебат, еріктілік бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Парламент жастары облыс әкімдігінің жанындағы жастар саясаты басқармасымен, қалалық және облыстық жастар ресурстық орталықтарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, колледждермен, мектептермен тығыз қарым-қатынаста. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Жылдың үздік жастар ұйымы» аталымымен марапатталды. Облыстық «Үздік әлеуметтік идеялар» байқауында Маңғыстау облыс әкімінің «Алғыс хаты» мен, ұйымның 5 белсенді мүшесі Жаңаөзен қаласы әкімінің «Алғыс хаты» мен марапатталған. Ұйым жанынан құрылған «Парасат» дебат клубы облыстық пікірсайыстан ауыспалы кубок ойындарының тұрақты ойыншылары. Республикалық Волонтерлер фронт офисінің «Алғыс хатымен» 1 студент және Астана қаласында 2023 жылдың ақпан айында өткізілген жастар форумында «Қазақстан жастар саясатының үздігі» төсбелгісімен ұйымның 2 белсендісі марапатталған.